Облыс орталығында такси жүргізушісі алаяқтықтың алдын алды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл туралы ШҚО Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов мәлім етті.
- Такси жүргізушісі егде жастағы әйелді көлікпен алып бара жатқан. Әйел ұялы телефонмен сөйлесіп отырды. Әңгіменің сипатына қарағанда, әлдебіреу оны алдамақшы болған. Жүргізуші әйелді сөйлеуді тоқтатуға көндіріп, оқиға туралы полицияға хабарлаған. Осылайша, әйелдің жинаған ақшасы сақталды, - деді ол.
Алаяқтықтың алдын алып, ерекше сақтық танытқаны үшін жүргізушіге ШҚО Полиция департаментінің атынан алғыс хат пен сыйлық табысталды.
Пікірлер