453.26 506.7 5.58
A+ A A-

Өскеменде балаларға арналған ONAY! картасын онлайн алуға болады

Өскеменде балаларға арналған ONAY! картасын онлайн алуға болады [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

7-18 жас аралығындағы балалар картасын алуға мобильді қосымша арқылы бірнеше минут ішінде өтініш беруге болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Өтініш бергенде пластикалық карта, сол пайдаланушыға берілген басқа виртуалды жеңілдік карталары автоматты түрде бұғатталады.
Алдымен балада ONAY! қолданбасының жаңа мобильді нұсқасы орнатылғанына, толық тіркелгеніне және пайдаланушы туралы ақпарат ата-ананың eGov мобильді профилінде көрсетілгеніне көз жеткізу қажет.
Картаны ашу үшін ONAY! мобильді қосымшасына кіріп, «Жеңілдіктер» түймесін басып, қаланы таңдап, «7-ден 18 жасқа дейінгі балалар жеңілдігі » деген батырманы басу керек. Содан кейін «Картаны ашу» түймесін басу қажет. Деректер eGov-тан автоматты түрде жүктеледі. Келісімді қарап шыққаннан кейін «Картаны ашу» түймесін басуға болады. Картаға өтініш беріп жатқан баланың деректерін таңдап, әрекетті растау үшін SMS арқылы жіберілген кодты енгізу керек. Өтініштің күйін «Менің өтініштерім» бөлімінде бақылауға болады. Енді баланың телефон нөмірін және оның нөміріне SMS арқылы жіберілген кодты енгізу керек. Содан кейін баланың суретін түсіру үшін экрандағы нұсқауларды орындау ұсынылады.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив