453.26 506.7 5.58
A+ A A-

Қазақстанда қанша адам үй кезегінде тұр?

Қазақстанда қанша адам үй кезегінде тұр? [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Қазақстанда 870 мың адам баспана кезегінде тұр. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев 4 қарашада Үкіметте өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Министр «Отбасы банкінің» ресми деректерін келтірді.

- Қазір банктің ресми кезегінде 870 мың адам тұр. Банк тізімдерді тұрақты түрде тексеріп отырады. Алайда біз 870 мың адамды бірден қажетті баспанамен қамтамасыз ететіндей көлемде тұрғын үй салып жатқан жоқпыз, – дейді Нағаспаев.

Министрдің айтуынша, 2026 жылы Қазақстанда 24 миллион шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Ал мемлекет есебінен салынатын әлеуметтік тұрғын үйдің құны бақылауда болады.

- Бұл – Қазақстан бойынша құрылыс құнының орташа ірілендірілген сметалық көрсеткіштері. Орташа көрсеткішті айтып отырмын, өйткені әр облыста баға аздап ерекшеленеді. Бір шаршы метрдің құны – 335 мың теңге. Біз мұны бақылауда ұстаймыз және бағаның күрт өсуіне жол бермейміз, – дейді министр.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив