452.91 509.43 5.53
A+ A A-

Шығысқазақстандық садақшы Әлем чемпионатында жеңіске жетті

Шығысқазақстандық садақшы Әлем чемпионатында жеңіске жетті [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

30 қазан-4 қараша аралығында Корея Республикасының Ульсан қаласында дәстүрлі садақ атудан Әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Онда Қазақстан ұлттық құрамасы жоғары шеберлік, мықты рух пен жеңіске деген жігер танытып, халықаралық аренада ел абыройын асқақтатты. Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-орынға ие болды. Ұлттық құраманың қоржынында 4 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль бар.

Шығысқазақстандық Олжас Дюсупов та әлемдік додада өнер көрсетті. Ол командалық есепте үш бірдей алтын медаль жеңіп алды (30, 60 және 90 метр). Спортшының жаттықтырушысы - Ажар Төлеуханова.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив