Шығысқазақстандық ақын Серік Қуанған Моңғолияда өткен халықаралық айтыста үздік шығып, І орын иеленді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
25-27 қазан аралығында Моңғолия Республикасының Баян-Өлгей аймағында «Бай-Өлке – бақ бесігім» атты халықаралық ақындар айтысы өтті.
Аламан сөз додасына Қазақстан, Қырғызстан, Қытай Халық Республикасы мен Моңғолия ақындары қатысып, өзара бақ сынады. Нәтижесінде Серік Қуанған қарсыластарынан озып, жүлделі І орынға ие болды.
Пікірлер