452.91 509.43 5.53
A+ A A-

Өскеменде көкөністерді арзан бағамен сату басталды

Өскеменде көкөністерді арзан бағамен сату басталды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Қараша айынан бастап «Ертіс ӘКК» АҚ бөлшек сауда павильондары және серіктес дүкендер картоп, сәбіз, пияз және қырыққабатты тұрақтандырылған бағамен сата бастады, деп хабарлайды Вuqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл шара жыл сайын қараша-мамыр айларында өтеді. Биыл сатылым 2 қарашада басталды.
Өнімдердің бағасы келесідей:
картоп – келісі 224 теңге;
сәбіз – келісі 206 теңге;
пияз – келісі 133 теңге;
қырыққабат келісі - 193 теңге.
Белгілі болғандай, тамыз-қазан айларында жазғы саяжай мен фермалардан жиналған өнім нарыққа түскен кезде маусымдық өнімдердің жеткізілімі артады. Сондай-ақ бағаны тұрақтандыру бағдарламасы тоқтатылады.
Айта кету керек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері жыл бойы тұрақтандырылған бағамен сатылады.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив