452.91 509.43 5.53
A+ A A-

ШҚО-да кәсіпорын жұмысшыларының орташа айлығы 400 мың теңгеге жетпейді

ШҚО-да кәсіпорын жұмысшыларының орташа айлығы 400 мың теңгеге жетпейді [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Өңір бойынша жалдамалы қызметкерлердің орташа айлық жалақысы – 378 373 теңгені көрсетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәліметінде жарияланған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Ресми деректе шағын кәсіпорындарда еңбектеніп жатқан жұмысшылар қамтылған. Соған сәйкес, ең жоғары орташа жалақы – 579 мың теңге. Ұлытау облысында тіркелген. Содан кейінгісі Маңғыстау өңірі (560 мың 799 теңге). Мұнда зауыт пен кәсіпорындарда тер төгіп жүргендерге орта есеппен 537 мың теңге төленеді. Ең төмен айлық – Солтүстік Қазақстанда екен (302 мың теңге). Шығыс Қазақстандағы жағдай өзге өңірлермен салыстырғанда тәуір. Өңір бойынша кәсіпорындардағы орташа айлық – 378 373 теңге.

Жалпы:
1. Ұлытау облысы – 579 мың 313 теңге
2. Маңғыстау облысы – 560 мың 799 теңге
3. Атырау облысы – 537 мың 970 теңге
4. Астана – 512 мың 993 теңге
5. Алматы қаласы – 493 мың 365 теңге
... ШҚО – 378 мың 373 теңге

Шығыс Қазақстаннан кейін, Қарағанды облысы тұр тізімде. Аталған өңірде кәсіпорын жұмысшыларының орташа жалақысы – 378 мың 437 теңге. Түркістан, Жамбыл, Жетісу аймақтарында жұмысшылар орта есеппен 315 мың теңге алады.

Әділхан ЕСІМХАНОВ
Фотосурет: шартты

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив