Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтаманы eGov.kz порталы немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы онлайн рәсімдеуге болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Қызметті алу тәртібін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі түсіндірді.
Қазақстанда уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтама адам ауырған немесе жарақат алған жағдайда жұмысынан не оқуынан белгілі бір мерзімге ресми босатылуы үшін қажет. Алайда бұл құжат әлеуметтік жәрдемақы алу құқығын бермейді.
Анықтаманы электронды түрде eGov.kz порталы немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы рәсімдеуге болады.
eGov Mobile арқылы анықтаманы қалай алуға болады?
Ол үшін мына қадамдарды орындау қажет:
eGov Mobile қосымшасына кіріп, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімін ашыңыз.
«Денсаулық сақтау» санатын таңдаңыз.
«Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтама беру» қызметіне өтіңіз.
«Жалғастыру» батырмасын басып, қажетті мәліметтерді толтырыңыз.
Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ), SMS-код немесе eGov QR арқылы қол қойыңыз.
Қызмет нәтижесі жеке кабинетте қолжетімді болады.
Пікірлер