452.91 509.43 5.53
A+ A A-

Өскеменде облыстық Ақтан Нұрбаев оқулары өтті

Өскеменде облыстық Ақтан Нұрбаев оқулары өтті [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

5 қараша күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада қазақтың көрнекті ақыны, айтыс өнерінің өкілі Ақтан Нұрбаевтың шығармашылық мұрасын дәріптеуге арналған «Ақтанымын Алтайдың» атты облыстық оқушылар байқауы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Вuqara.kz сайтының тілшісі.

Сайысқа Самар, Катонқарағай, Глубокое, Ұлан аудандары мен Өскемен, Риддер қаласындағы мектептерден 50 оқушы келді. Жас өнерпаздар ақын өлеңдерін жатқа оқып, көркемсөз оқу шеберліктерін танытты. Тағылымды іс-шараға ақын ұрпақтары да арнайы қатысып, жас талапкерлер өнерін тамашалады. Олар ақын мұрасын ұлықтап, шығармашылығын өскелең ұрпақ арасында насихаттауға бағытталған бастамаға қолдау білдірді.

– Бүгінде елімізде жүзеге асырылып жатқан «Оқитын ұлт» тұжырымдамасы аясында жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ұлттық әдеби мұраны кеңінен насихаттау – маңызды міндеттердің бірі. Осындай тағылымды шаралар балалардың әдеби талғамын қалыптастырып қана қоймай, олардың қазақ поэзиясына деген сүйіспеншілігін арттырып, сөз өнерін бағалай білуге баулиды. Ақын мұрасын ұлықтау арқылы өскелең ұрпаққа сөз өнерінің қадір-қасиетін таныту – жобаның басты мақсаты, – деді ұйымдастырушылар.

Байқау қорытындысында үздік өнер көрсеткен оқушылар дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Бас жүлде Самар ауданындағы Амангелді орта мектебінің оқушысы Інжу Өсерханға бұйырды. І орын Глубокое ауданының Верх-Березовка орта мектебі оқушысы Қуаныш Қасенге берілді.

ІІ орынды Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейдің оқушылары Айару Адамбек пен Мадина Болатбек иеленді. Ал ІІІ орын Абай атындағы орта мектеп оқушысы Іңкәр Жақсылыққызы, Гагарино орта мектебінің оқушысы Әлинұр Төлеген және Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентіндегі орта мектептің оқушысы Айзат Шаймұратқа бұйырды. Сонымен қатар көрермен көзайымы арнайы жүлдесі Абай атындағы орта мектеп оқушысы Раяна Есболқызына табысталды.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив