451.87 507.31 5.53
A+ A A-

«Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасы: сапалы білім беруден әлеуметтік қолдауға дейін

«Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасы: сапалы білім беруден әлеуметтік қолдауға дейін [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Сайлауалды науқан аясында облыстық мәслихат депутаттығына партиялық тізім бойынша ұсынылған кандидаттар Жанна Сагандыкова мен Мағжан Тәжібай «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Кандидаттар «Әділет» партиясының өңірлік сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, білім беру саласын дамытуға қатысты міндеттерге тоқталды.

Жанна Сагандыкова бағдарламаның негізгі ережелеріне кеңінен тоқталып, өңірді дамытудың басым бағыттарын атап өтті.

– «Әділет» партиясының өңірлік сайлауалды бағдарламасы Шығыс Қазақстанның экономикасы мен инфрақұрылымынан бастап, білім беру мен әлеуметтік қолдауға дейінгі өмірдің маңызды салаларын қамтиды. Онда белгіленген міндеттердің барлығы өзара тығыз байланысты. Атап айтқанда, білім беруді дамыту, білікті кадрлар даярлау және заманауи технологияларды енгізу өңірдің одан әрі өркендеуіне негіз болуға тиіс. Бағдарламада көзделген шаралардың нақты, өлшенетін және тұрғындардың шынайы қажеттіліктеріне сай болуы маңызды, – деді Жанна Сагандыкова.

Бағдарламада білім сапасын арттыруға, қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты қысқартуға, педагогтерге әдістемелік қолдау көрсетуге және білім беру үдерісіне заманауи технологияларды енгізуге ерекше назар аударылған. Атап айтқанда, шағын жинақты мектептерге әдістемелік көмек көрсететін тірек мектептер желісін дамыту көзделген.

Сонымен қатар 2031 жылға қарай орта білім беру ұйымдарында жасанды интеллектіні қолдану аясын кеңейтіп, бұл бағытпен қамтылған мектептер санын арттыру жоспарланып отыр. Бағдарламада мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне арналған ғылыми жобалар мен жасанды интеллектіні қолдану бойынша конкурстар өткізу де қарастырылған.

Кездесуде техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту, сондай-ақ еңбек нарығының сұранысына сай мамандар даярлау мәселелері де талқыланды. Бағдарламаға сәйкес, кәсіпорындардың өтінімдері бойынша жыл сайын кемінде екі мың маманды кепілді жұмысқа орналастыру мен даярлау жоспарланған.

Мағжан Тәжібай партияның әлеуметтік міндеттемелеріне және облыс тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту мәселелеріне тоқталды.

– Сайлауалды бағдарламаның әрбір бағытының артында адамдар мен олардың күнделікті қажеттіліктері тұр. Қолжетімді әрі сапалы білім, кәсіби тұрғыдан даму мүмкіндіктері, әлеуметтік қолдау, қала мен ауыл тұрғындары үшін тең жағдай жасау - мұның барлығы өмір сапасына тікелей әсер етеді. Біздің міндетіміз – экономикалық көрсеткіштерге ғана емес, өңірдің даму нәтижелері әрбір отбасының тұрмысынан көрініс табуына да мән беру, –  деді Мағжан Тәжібай.                                 

Дайындаған: «Әділет» партиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Мекеева Ж.Ж

«Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауда» партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ-ның сайлау қорынан төленді.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив