Сайлау науқаны аясында облыстық мәслихат депутаттығына партиялық тізім бойынша үміткерлер Денис, Рыпаков, Людмила Захарова және Ерасыл Әбілдабеков "Өскемен май зауыты" ЖШС ұжымымен кездесу өткізді. Іс-шараға кәсіпорынның 50-ге жуық қызметкері қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Кандидаттар жұмыспен қамту, білікті кадрлар даярлау, өнеркәсіпті дамыту және инвестициялар тарту мәселелеріне тоқталып, партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі ережелерін ұсынды.
Жаңа жұмыс орындарын құруға, жұмыссыздарды кәсіптік оқытуға және кәсіпорындардың қажеттіліктерін ескере отырып мамандар даярлауға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, бағдарлама жыл сайын 440 адамды оқытуды және жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша дайындалған кемінде 2000 маманды жұмысқа орналастыруды көздейді.
– Біздің міндетіміз – өңірдің экономикалық өсуі адамдардың өмір сүру сапасын арттырумен қатар жүретін жағдайларды қамтамасыз ету, – деді Денис Рыпаков.
Кездесу ашық диалог форматында өтті: кәсіпорын қызметкерлері үміткерлерге қызықтырған сұрақтарын қойып, партияның ұсынылған бастамаларымен танысты.
Дайындаған: «Әділет» партиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Мекеева Ж.Ж
«Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауда» партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ-ның сайлау қорынан төленді.
Пікірлер