452.91 509.43 5.53
A+ A A-

Өскеменде тағы бір көпірдің құрылысы басталды

Өскеменде тағы бір көпірдің құрылысы басталды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Құны 101 млрд болатын жоба 2029 жылы аяқталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыс орталығында көлік инфрақұрылымын дамытудың ауқымды жобасы аясында Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпір салынуда. Ол Серікбаев көшесін кеңейтіп, қала орталығы мен сол жағалау арасында тікелей байланыс орнатады.
ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әсет Сұлтановтың сөзінше, жобаның 55 миллиард теңгесі Инфрақұрылымды дамыту қорынан бөлінген.
Белгілі болғандай, жоба 2264 шақырымдық жолды, 834,8 метрлік негізгі көпірді және өзен арқылы өтетін тағы бір көпірді салуды қамтиды. Жол алты жолақты болады. Сондай-ақ тротуарлар мен велосипед жолы да қосылмақ.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив