452.91 509.43 5.53
A+ A A-

Өскеменде жолаушы көлік терезесінен денесін шығарған

Өскеменде жолаушы көлік терезесінен денесін шығарған [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Әлеуметтік желілерде BMW көлігіне қатысты тараған бейнежазба полиция қызметкерлерінің назарын аударды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Кадрлардан Сәтбаев даңғылымен қозғалып бара жатқан BMW автокөлігін байқауға болады. Жол жүру барысында көлік жүргізушісі мен жолаушысы жол қозғалысы ережелерін бұзған. Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде полицейлер оқиғаға қатысушыларды анықтап, олардың әрекеттеріне құқықтық баға берді.
Атап айтқанда, көлік жүргізушісі жолақ ауыстыру кезінде маневр жасау қағидаларын бұзды. Осы құқық бұзушылығы үшін оған ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік шара қолданылды.
Сонымен қатар көлік қозғалысы кезінде жолаушы денесінің бір бөлігін терезеден сыртқа шығарды. Бұл әрекеті үшін оған ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив