447.52 502.21 5.41
A+ A A-

Елімізде шекарадан қолма-қол ақша алып өтуге қатысты талаптар өзгерді

Елімізде шекарадан қолма-қол ақша алып өтуге қатысты талаптар өзгерді [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Қаржы министрінің 2026 жылғы 5 қарашадағы бұйрығымен Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қолма-қол ақша мен ақша құралдарын ұстап қалу (тоқтата тұру) қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Негізгі өзгеріс – енді ұлттық қауіпсіздік органдары да ақпарат алмасуға қатысады.

Бұған дейін мемлекеттік кірістер органдары құқық қорғау органдары мен қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті орган ұсынған мәліметтер негізінде шара қабылдайтын.

Енді шекарадан өткізілетін қаражаттың қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қатысы болуы мүмкін екені туралы ұлттық қауіпсіздік органдарынан түскен ақпарат та ескеріледі. Егер қаражаттың қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға, терроризмді немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қатысы болуы мүмкін деген ақпарат түссе, оның Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өтуі тоқтатылуы мүмкін.

Ұсталған ақша ақпарат берген органның сұрауы негізінде тиісті мекемеге тапсырылады.

Айта кетейік, Қазақстанға қолма-қол ақшаны алып кіру немесе Қазақстаннан алып шығу кезінде оның сомасы 10 000 АҚШ долларына баламалы мөлшерден асатын болса, мұндай қаражат міндетті түрде кедендік декларациялауға жатады.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив