447.52 502.21 5.41
A+ A A-

Өскеменде Шемонаиха ауданының мәдени күндері өтеді

Өскеменде Шемонаиха ауданының мәдени күндері өтеді [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

13-14 қараша күндері Өскеменде облыстық «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында Шемонаиха ауданының мәдени күндері ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Іс-шаралар бағдарламасы

 

13 қараша:

​09:30 — «Мықты отбасы – қуатты қоғам» форумы.

Өтетін орны: Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ.

​10:00 — «Инклюзивті білім беруді іске асыру кезіндегі білім беру процесін ұйымдастыруды басқару» семинар-практикумы.

Өтетін орны: С. Аманжолов атындағы ШҚУ, бас ғимарат, № 218 аудитория (30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34).

​10:00 — «Кітапхана – ұлттық мәдени құндылықтарды сақтаушы және насихаттаушы» әдістемелік семинары.

Өтетін орны: Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы (Космическая көшесі, 6/2).

​11:00 — «Жастарға мүмкіндік – ауданға болашақ». Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі және Шемонаиха ауданы әкімінің жастармен кездесуі.

Өтетін орны: С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, бас ғимарат, № 111 аудитория (30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34).

​12:00 — «Ауыл мектебіндегі заманауи кәсіптік бағдар беру: кәсіби сынамалар, цифрлық және жасанды интеллект құралдары, жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықтың практикалық модельдері» семинар-практикумы.

Өтетін орны: С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, ғылыми кітапхана, коворкинг орталығы (30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34).

​13:00 — «Тәуекел тобындағы оқушыларға жеке психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету: қиындықтарды анықтаудан түзету жұмысының тиімділігін бағалауға дейін» тәжірибеге бағытталған семинар.

Өтетін орны: С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, «Дана бала» орталығы, бас ғимарат (30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34).

​14:00 — «Белсенді ұзақ өмір сүру: қатысу және өзін-өзі дамыту мүмкіндіктері» практикалық кездесуі.

Өтетін орны: Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы (Қазақстан даңғылы, 159/1).

​18:00 – Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында Шемонаиха ауданының шығармашылық ұжымдары мен өнерпаздарының қатысуымен өтетін концерттік бағдарлама.

​Көрермен назарына ауданның мәдени дәстүрлері мен шығармашылық әлеуетін көрсететін музыкалық және хореографиялық қойылымдар ұсынылады.

​Көрмеде жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері, ауыл шаруашылығы жетістіктері, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің бұйымдары, «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасын іске асыру, «Заң мен тәртіп» қағидаты және жасанды интеллектіні дамыту бағыттары бойынша материалдар ұсынылады.

 

14 қараша:

​08:00 — Шемонаиха ауданы өнімдерінің жәрмеңкесі және «Туған жер – алтын бесігім» концерттік бағдарламасы.

Өтетін орны: «Алтай» көтерме-тарату орталығының алаңы (Жібек жолы көшесі, 44).

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив