447.52 502.21 5.41
A+ A A-

Өскеменде ONAY!-да неге ақау шыққаны белгілі болды

Өскеменде ONAY!-да неге ақау шыққаны белгілі болды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Қолданба дүйсенбіде дұрыс жұмыс істемей, қала тұрғындарын әбігерге салды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өскемендіктердің сөзінше, 9 қараша күні таңертең автобус бағыттары дұрыс көрсетілмей, жол ақысын да төлеу қиындаған. 
«Алматы көлік холдингі» ЖШС аймақтық филиалының өкілдері аталған мәселеге қатысты түсініктеме берді. 
– Сағат 07:10-нан бастап кейбір жолаушылар QR код арқылы қоғамдық көлікте жол ақысын төлеуде қиындыққа тап болды. Ал қолданбадағы ақпарат жаңартылуы кешіктірілген болуы мүмкін. Біз барлық қызметі 08:50-де қалыпты жағдайға қайтардық. Шыдамдылық танытып, мәселелерді хабарлағандарыңыз үшін рақмет, - делінген ресми мәліметте.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив