Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, облыста ұл балаларға ең жиі қойылатын есім – Амир. Қыз балалар арасында Айлин есімі көш бастап тұр.
Ал республика бойынша Айлин мен Мұхаммед есімдері ең танымал. Атап айтқанда, Мұхаммед 6, Алан 5 өңірде ұлдарға жиі қойылатын есім болса, қыз балалар арасында Айлин есімі 16, Асылым есімі 3 аймақта бірінші орынға шықты.
Фото: kz.kursiv.media
Пікірлер