447.52 502.21 5.41
A+ A A-

ШҚО-да бейнекамералардың көмегімен 150 қылмыс ашылды

ШҚО-да бейнекамералардың көмегімен 150 қылмыс ашылды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Бұл туралы ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Осы жылдың 10 айында бейнебақылау камераларының көмегімен 150 қылмыс ашылып, 23 462 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Цифрлық жүйелер жол жүрісі қағидаларын бұзудан бастап, ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішу және абаттандыру қағидаларын бұзу деректеріне дейін түрлі құқық бұзушылықтарды тіркейді.

- Бүгінде ШҚО ПД Жедел басқару орталығы мен аумақтық бөлімшелердің кезекші бөлімдеріне 9 000-нан астам бейнекамера қосылған. Олар жедел жағдайды үздіксіз бақылауға, полиция қызметкерлеріне оқиғаларды дер кезінде анықтап, оған қатысы бар адамдарды белгілеуге көмектеседі. Жұмыстың жеке бір бағыты – адамдарды бет-әлпеті арқылы тану жүйесі. Өскеменде мұндай функциясы бар 300 камера жұмыс істейді. Жыл басынан бері осы жүйенің көмегімен іздеуде жүрген 198 адамның орналасқан жері анықталды. Цифрлық бақылаудың артында Жедел басқару орталығы қызметкерлерінің күнделікті еңбегі тұр. Олар тәулік бойы хабарламаларды қабылдап, келіп түскен ақпаратты талдайды, жедел жағдайды қадағалап, полиция жасақтарының жұмысын үйлестіреді, - делінген ШҚО Полиция департаментінің ақпаратында. 

10 ай ішінде «102» пультіне 117 391 хабарлама келіп түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,3%-ға аз.

- Қазір полиция көмегіне жүгінудің бірнеше жолы бар. Азаматтар «102» нөміріне қоңырау шала алады, «102» мобильді қосымшасын, Halyk және Kaspi қосымшаларындағы «Заң мен тәртіп» сервисін немесе «SOS дабыл түймесі» жүйесін пайдалана алады, - делінген мәліметте. 

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив