3-9 қараша аралығында полиция қызметкерлері жол жүрісі қағидаларын бұзудың 975 дерегін тіркеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департаментінің ақпаратынша, жүргізушілер көбіне қауіпсіздік белдігін тақпау бойынша жауапқа тартылды. Бір апта ішінде мұндай 466 жағдай тіркелді. Маневр жасау қағидаларын бұзудың 330 дерегі анықталды. Бұдан бөлек, полицейлер 76 рет жол-көлік оқиғасына әкеп соғуы мүмкін қауіпті жағдайдың алдын алды. Тіркелген құқық бұзушылықтардың қатарында көлік құралын рұқсатсыз қайта жабдықтаудың 32 дерегі, масаң күйде көлік басқарудың 17 дерегі және қарсы бағытқа шығудың 9 дерегі бар.
Көлік басқару құқығы жоқ жүргізушілерге де ерекше назар аударылды. Бір аптада мұндай 23 факті анықталды. Тағы 5 жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, рөлге отырған. Екі жағдайда жүргізушілер медициналық куәландырудан өтуден бас тартты.
Пікірлер