Жыртқыш құс Виноградов көшесі бойындағы Дос-Нар дүкені маңында көзге іліккен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тауып алған тұрғын сөзінше, әуелде қанаттыға не болғанын түсіне алмады. Анығы сол, ұша алмады. Қимылсыз жатқан күйі өткен-кеткеннен көмек сұрағандай көрінген. Сосын бірден ветеринарға апарып көрсетті. Ол құстың еш жері сынбағанын, бірақ басынан зақым келгенін айтыпты. Қыранды тауып алған Екатерина Шендриктің сөзінше, қазір ол құрбысының үйінде. Қоректендіріп, күтім көрсетуде. Бойына әл біткен соң уақ-уақ қанатын қомдап, үйде кім «қожайын» екенін көрсете бастаған.
– Пәтердегі құсқа иттер назар аудара бастады. Иіскелеп, жанына жақындауды жиілетті. Бірақ қанатты тырнағын қалқан етіп, аздан соң тұмсығын батыруға көшті. Оны уақтылы далаға шығарып тұрады. Өкініштісі сол, әлі ұша алмайды. Қанат сермегенмен, қозғала алмайды. Неге олай екенін білмедік. Зообақтағылар алудан бас тарты, – деді тұрғын.
Фотосурет ашық дереккөзден
Пікірлер