A+ A A-

talgatzhan 45 Бүгін, 15:05 0

Кәсіпкер әйел Рахман қайнарлары маңында бизнесін дөңгелетуге ниетті

Бүгін / Катонқарағай

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың қабылдауына келген тұрғындар түрлі мәселе көтеріп, әралуан ұсыныс айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Балауса Бақытжанқызы Катонқарағай ауданы аумағындағы Рахман қайнарлары аумағында мейрамхана бизнесін дамытқысы келетінін жеткізді. Іскер әйел Риддердегі көпшілік сұранысына ие «Bal-Uyz» этномейрамханасын қамтитын мейрамханалар желісінің иесі. Кәсіпкер жуықта ғана жаңа жол пайдалануға берілген Рахман қайнарлары аумағындағы мейрамхананы жалға алып, оның қызметін одан әрі дамыту мүмкіндігін талқылауды ұсынды. Бұл жоба сәтті жүзеге асырылса, қызмет көрсету сапасын арттырып, аталған аумақтың туристік тартымдылығын күшейтуге мүмкіндік беретіндігін жеткізді. Нұрымбет Сақтағанов құзырлы басқарма басшысына бизнес иесінің ұсынысын жан-жақты зерделеуді тапсырды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив