Ашық есік күнін 25-ші қазанда Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығының қызметкерлері ұйымдастырады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Республика күніне арналған мерекелік іс-шаралар Сәтбаев даңғылы, 92 мекенжайында, Қ.Қайсенов саябағында, Қ. Қайсенов көшесі, 67 мекенжайындағы «Достық» көрме кешенінің жанында өтеді.
– Мереке күні қала тұрғындары музей-қорықтың тұрақты этнографиялық экспозициялары мен көрмелеріне тегін кіріп, мұражай ұйымдастырған іс-шараларға қатыса алады, – делінген ұйымдастырушылар берген ақпаратта.
Сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін танымдық, викториналық-конкурстық ойын бағдарламасы өтеді. Мәселен, «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбындағы викториналық конкурс, ұлттық ойындар, асфальттағы суреттер байқауы, облыс халықтары ұлттық киімдерінің көрмесі, сондай-ақ сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылмақ.
– Республика күні мерекесі қарсаңында ең белсенді қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтар табысталады, – деді ұйымдастырушылар.
Пікірлер