A+ A A-

admin 64 24-10-2024, 16:30 0

Өскемендегі О.Бөкей атындағы кітапхананың 70 жылдығы атап өтілді

Өскемен

Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапхананың ашылғанына 70 жыл толуына орай мерекелік шара өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бүгін руханият ошағының мерейтойы тойланды. 1954 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан кітапхана күні бүгінге дейін өз оқырмандарын тың дүниелермен қуантып келеді. Шара барысында концерт қойылып, кітапхана ұжымы өз өнерлерін көрсетті. Бұдан бөлек, мерейтойға келген меймандарға кітапханада жүзеге асырылған заманауи жобалар таныстырылды.
- Бүгін міне мерейтойды өздеріңізбен бірге атап өтіп жатырмыз. Осы орайда ұжымыма зор алғысымды білдіремін. Бұл күнге дейін рухани ордамыз небір тың дүниелерді оқырмандарға тарту етті. Жетпіс жыл деген аз емес, осындай ұзақ уақыт ішінде ұжым қызметкерлері түрлі шаралар мен заманауи бағдарламаларды облыс халқына ұсынды. Бұл кітапхананың ғана тойы емес, білімге құштар бүкіл кітапсүйер оқырмандардың қуанышы, - деді кітапхана директоры Хабиба Ақжігітова
Айта кетейік, кітапханада барлығы жүзге жуық адам жұмыс істейді.
- Мен осы кітапханада 41 жыл қызмет атқардым. Жарты ғасырға жуық уақыт аралығында талмай жұмыс істедік. Кітапхана ұжымы көп табыла бермейтін, сирек кездесетін кітаптар қорын жинақтап, осы күнге дейін кітапқұмар жандарға ұсынып келеді. Бұрынғы жұмыс орнымды бүгінгі ауқымды мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Барлығы жоғары деңгейде өтті. Кітапхана демеушілері мен серіктестері өздерінің жылы лебіздерін білдіріп құттықтап жатыр. Алдағы уақытта ауқымы одан сайын кеңейіп, ары қарай дами береді деген сенімдемін, - деді ардагер кітапханашы Бақытжамал Құсманова.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
1 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив