3 наурыз күні сағат А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Халықаралық әйелдер күніне орай «Арулар асыл жандар» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ұйымдастырушылар әйел заты қаншама нәзік болса да, бүгінде барлық салада жемісті еңбек етіп жүргендерін атап өтті.
Олар тек отбасында ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік қызметте, бизнесте, ғылым мен мәдениетте белсенді, парламентте депутат болып, жоғары лауазымдарда жұмыс істейді.
– Шараның мақсаты сол, өлкеміздегі сәні мен сымбаты үйлескен әртүрлі мамандық иелерін дөңгелек үстел басына жинап, сұхбат құру. Жерлес арулардың асыл қасиеттерін үлгі ете отырып, адал еңбек етіп жүрген жандардың ұлағатты өмірін үлгі ету, – делінген ақпаратта.
Дөңгелек үстелге қатысушылар бүгінгі қоғамдағы әйел азаматтардың атқарып отырған рөлі, өздерінің мамандықтары туралы пікірлерін ортаға салды. Әсем әндер шырқалып, мерекелік көңіл-күйге толы жақсы отырыс болды. Әйел затын ұлықтап, ерекше құрмет көрсету – тек осы күні ғана емес, өмір бойына жалғасса деген тілектеміз.
Пікірлер