Өскемен қалалық полиция басқармасы қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында жергілікті супермаркеттен алкоголь өнімдерін ұрлаған екі фактіні анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бірінші оқиға биыл 11-ші ақпан ақпан күні болды. Ер адам сауда үйіне еркін кіріп, сөреден төрт бөтелке виски мен жеке гигиена құралдарын жасырын түрде ұрлап кеткен. Келтірілген материалдық шығын көлемі 88 мың теңгеден асады.
Сондай-ақ осыған ұқсас басқа да құқық бұзушылықтар тіркелген, оның бірі 2025 жылдың қараша айында жасалды. Сол супермаркеттен жалпы құны шамамен 120 000 теңге болатын алкогольдік ішімдіктер ұрланған.
Барлық қылмыс фактісі Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына түскен жазбалар көмегімен ашылды. Бұл күдіктілердің жеке басын анықтап, оларды полиция бөліміне жеткізуге мүмкіндік берді.
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Фото: ашық дереккөзден
Пікірлер