A+ A A-

talgatzhan 55 Бүгін, 10:30 0

ШҚО-ның кей ауданында температура -42°С-қа дейін төмендеді

Басты / ШҚО

Ақпан айы әдеттегідей өзінің құбылмалы мінезіне салып-ақ келеді. Екінші онкүндік басында «ҚазАвтоЖол» өкілдері аймақта қалың қар жауып, артынша көктайғаққа болатынын айтқан болатын. Ондай ескерту арада апта өткенде қайта айтылды, депп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оның бәрі жай статистика үшін емес. Ескерген адам келеңсіз жайтты айналып, діттеген жеріне кешеуілдеп болсын, бірақ аман-есен жетеді. Боран арасында қар еріп, жаңбыр да жауды. Көпшілік қыспен қазірден қоштаса бастағанда, аяз қайта атқа қонды. Ақпанның 24-і күні түс ауа кәдімгідей сезіле бастады.
Осыған байланысты бірқатар қала мен аудандарда оқушылар қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.
Ақпанның 25-і күні таңертең Риддерде -33°С, Күршім ауданында -25°С-тан -34°С-қа дейін, Үлкен Нарын ауданында -33°С-тан -39°С-қа дейін, Марқакөл ауданында -30°С-тан -32°С-қа дейін, Самар ауданында -30°С-тан -37°С-қа дейін, Тарбағатай ауданында -30°С-тан -32°С-қа дейін, Зайсан ауданында -30°С-тан -35°С-қа дейін, Ұлан ауданында -28°С-тен -36°С-қа дейін, Алтай ауданында -28°С-тан -42°С-қа дейін болды.
Ал Өскеменде ресми мәлімет бойынша таңертең -29°С тіркелді. Дегенмен кейбір ата-ана білім бөлімі қандай температуралық көрсеткіштерді негізге алатынын сұрады. Сонымен қатар қаланың шет аймақтарында мектеп директорларына қашықтан оқытуға көшу туралы шешімді өз бетінше қабылдауға неге мүмкіндік берілмейтіні де талқылануда.
Мәселен Әуежай маңы мен Прохладная ауданында таңертең термометр бағаны минус -32-33°С-ты, ал Защита шағынауданында минус -34°С-ты көрсеткен.
Еске салайық, Өскеменде ақпанның 25-і күні 0–4 сынып оқушылары екі ауысымда да қашықтан оқыту форматына көшірілді.
Жалпы, ауа райы хабаршылары аяз облыс аумағында наурыздың 4-не дейін сақталады деп отыр. Демек, мектептер де қашықтан оқу форматына жиі ауыстырылады.


Өз тілшіміз (Фото: ru.sputnik.kz)

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив