A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 14:00 0

Қазақстандықтардың 60,3%-ында жеке жинақ жоқ – Ұлттық банк

Бүгін / Республика

Қазақстандықтардың басым бөлігінде жеке қаржылық жинақ жоқ. 2026 жылғы қыркүйекте жүргізілген сауалнамаға қатысқандардың 60,3%-ы осындай жауап берген. Бұл туралы Ұлттық банктің инфляциялық күтулер жөніндегі зерттеуінде айтылған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Сауалнама нәтижесіне сәйкес, тамызда жеке жинағы жоқ екенін айтқандардың үлесі 61,4% болған. Ал жинағы бар респонденттердің үлесі қыркүйекте 27,9%-ды құрады. Тамызда бұл көрсеткіш 28,4% болған.

Зерттеу халықтың инфляцияға қатысты күтулерін де қамтыған. Соңғы 12 айда байқалған инфляция деңгейіне берілген баға қыркүйекте 9,7%-ға дейін төмендеген. Тамызда бұл көрсеткіш 9,9% болған.

Алдағы 12 айда күтілетін инфляция деңгейі де аздап төмендеген. Қыркүйекте ол 11,8%-ды құраса, тамызда 12,1% болған. Бес жылдан кейінгі инфляцияға қатысты болжам 13,7%-дан 12,7%-ға дейін азайған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив