A+ A A-

talgatzhan 39 Бүгін, 17:20 0

Өскеменде Дина Нұрпейісованың 165 жылдығына орай концерт өтті

Бүгін / Өскемен / Руханият

Бүгін А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында қазақтың әйгілі күйші-композиторы, Қазақстанның халық әртісі Дина Нұрпейісованың 165 жылдығына арналған «Күмбірлеген күй ғұмыр» атты лекция-концерт өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ұйымдастырушылар сөзінше, рухани кештің мақсаты – ұлы күйшінің өнегелі өмір жолын, бай шығармашылық мұрасын насихаттау және жас ұрпаққа ұлттық өнердің құндылығын дәріптеу.  Шара барысында жүргізуші Дина анамыздың өмірі мен өнердегі дара болмысына тоқталып, Құрманғазыдан бата алған шәкірттік жолы мен күй өнеріндегі тарихи орнын кеңінен таныстырды.
Кеш аясында Дина Нұрпейісова туралы бейнеролик көрсетіліп, тарихи бейнетаспадан күйшінің өз орындауындағы күй ұсынылды. Бұл сәт көрермендерге ерекше әсер сыйлап, ғасырлар үндестігін сезіндірді.
– Концерттік бөлімде «Ағайынды Абдулиндер атындағы өнер училищесінің» студенттерінің орындауында «Беташар», «Бұлбұл»,  «Көгентүп», «Науай», «Жеңіс», «Әсем қоңыр», «Мереке» күйлері орындалып, әр шығарманың шығу тарихы қысқаша баяндалды. Әсіресе, «Жеңіс» күйі елдік рухты асқақтатса, «Әсем қоңыр» лирикалық нәзіктігімен көпшіліктің ықыласына бөленді. Тағылымды кеш ұлттық күй өнерін ұлықтап, көрермен қауымға рухани серпіліс сыйлаған мазмұнды мәдени шара ретінде өз мәресіне жетті. – делінген ақпаратта.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив