A+ A A-

talgatzhan 39 Бүгін, 10:15 0

2 - 8 наурыз аралығына арналған жұлдыз-жорамал

Жұлдыз жорамал

Тоқты
Жетістікке жетуге сынық сүйем қалғанда сүрініп кетуіңіз мүмкін. Барлығы айналаңыздағы жандардың салқын көзқарасымен байланысты болуы ғажап емес. Мұндайда қосымша жоспар бекітіп жүрген дұрыс.
Торпақ
Арада көп уақыт өткенде бір құпияның ашылары сөзсіз, тіпті, жұмбақ жағдаймен жолығуыңыз мүмкін. Осы уақыт ішінде жаңа достар тауып, көзқарастарыңыз сәйкес келмейтін жандармен ат құйрығын кесісіп үлгересіз.
Егіздер
Ұсақ тиындарды әбден қырып, қалтаңыз тесіледі. Бала-шағаңызды ертіп, дүкен аралап шықсаңыз көңілде әлдеқандай сенімсіздік көрініс береді. Қаражат жағынан қиналыңқырап жүрсеңіз қосымша жұмыс қарастыра жүрген жөн.
Шаян
Шаяндарға бұрымдылардың сырт келбеттеріне мән беретін уақыт жетті. Сән салонынан бастап, фитнесс-орталықтарға барып тұрған артық етпейді. Күш-қуатыңыз сарқылмас үшін аз-аздан жиірек тамақ ішіңіз.
Арыстан
Қазір бойыңызға күш-қуат құйылып, жеме-жемге келгенде қарсылас шыдатпайтындай күйде жүресіз. Мұның бір себебі, көптен бері іске аспай жүрген шаруаңыз аяқ асты тәмамдалып, ісіңіздің ілгерілей түсуі.
Бикеш
Жақын деген достарыңыздың өзіне сын көзбен қараңыз. Жұлдыздар оларды ойламаған жерден опасыздық жасайды деуден аулақ, тек бар сырыңызды бекерге ақтармасын дегендері. Кез келген жағдайда мұқият болыңыз.
Таразы
Қызметіңізге өрлеймін дегенде төменге жиі сырғисыз. Тіпті, қазір алдағы уақыттары бас қатыратын түйткілге айналатын оқыс шешім қабылдауыңыз ғажап емес. Не де болса жан-жақты сақ болыңыз.
Сарышаян
Жан-жақта не болып жатыр деп уақыт жоғалтпаңыз. Іскерлік бағыттағы Сарышаяндардың асығы алшысынан түсіп, осыған дейін батқан «былықтарынан» біртіндеп шыға бастайды. 
Мерген
Әлдеқайдан шабыт келіп, ғұмырыңызға деген көзқарас өзгеріп сала бермек. Тұрмысқа шыққанда «есеппен» отау құратын Мергендер күтпеген жерден қателесулері мүмкін. Жұлдыздар жуық арада бір өзгерістің болатындығына бек сенімді.
Тауешкі
Кейде табысқа қалай жету керектігін алдын ала сезетіндейсіз. Көбі бұл қасиетіңізге қызыға қарайды. Әріптестеріңіз, сүйіктіңіз һәм достарыңыз бір мезетте көмек сұраса, әрбірінің базынасына құлақ аса білетін стратег екеніңіз тағы бар.
Суқұйғыш
Жанұяңыз бен жұмыстың екі ортасын теңдей ұстай біліңіз. Таразы басы бір жаққа ауып кетсе жағдайды реттеу оңай болмайды. Қаржылық қиындықтар сізді сырт айналып өткен соң бір сәт көңіл көтеріп қайтуға болады. 
Балықтар
Іштей сараптама жасап үйренгеніңіз жөн. Кейде өзімшілдікке салынып, тек өз ойлағаныңызды іске асырғыңыз келеді. Онда тұрған ештеңе жоқ, қолға алып, қадам жасасаңыз ештеңеге қарамай соңына дейін жеткізіңіз.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив