A+ A A-

talgatzhan 51 Бүгін, 11:20 0

ШҚО-да жастарға арналған ипотекалық бағдарлама әзірленуі мүмкін

ШҚО / Бүгін / Басты

Жақында облыс әкімдігінде өткен жастар ісі жөніндегі кеңесте жас буын өкілдері баспана мәселесін көтерді. Қазір өңірде жастарға бағытталған жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама жоқ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі

Ресми мәліметке сенсек, Қазақстанның 17 өңірінде жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар жұмыс істеп тұр.

– Ол аймақтардағы шарттар өте тиімді. Осындай бағдарламаны «Отбасы банк» негізінде біздің өңірде де жүзеге асырып, жастарға тұрғын үйді қолжетімді етуге бола ма? – деді белсенді жастардың бірі облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановқа.

Өңір басшысы 2024 жылы өңірде «Шығыс маманы» атты аймақтық жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама іске қосылғанын еске салды. Бұл жоба Отбасы банк акционерлік қоғамымен бірлесіп жүзеге асырылған. Бағдарлама жылу-энергетика саласының мамандарын өңірде ұстап қалуға бағытталған.

Аталған жоба аясында пәтерді тек жаңа тұрғын үйлерден ғана емес, қайталама нарықтан да сатып алуға мүмкіндік берілген. Сонымен қатар төмен пайыздық мөлшерлеме мен қолжетімді бастапқы жарна қарастырылған.

– Экономика басқармасы басқа облыстардың тәжірибесін зерделесін, – деп тапсырма берді әкім. – «Шығыс маманы» аясында немесе жеке бастама ретінде жаңа бағдарлама дайындау керек. Бюджет мүмкіндіктеріне қарай тек энергетиктер мен құрылысшыларды ғана емес, басқа да саладағы мамандарды қолдау тетіктерін қарастырып, келесі жылға жоспарға енгізу қажет.

Дильназ Жұмабекова (Turkystan.kz)

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
1 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив