A+ A A-

talgatzhan 33 10-12-2024, 14:30 0

Қазақстанда бір өзі 116 кредит алған адам бар

Республика

Елімізде әр азамат орта есеппен 2 несиеден алады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің дерегінде айтылған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі kazinform ға сілтеме жасап.


Бір қызығы, 2023 жылдың ішінде бір ғана ер адамның алған қарыздарының саны 69-ға барған. Яғни, әр ай сайын шамамен 5-6 несиеден алып отырған.

Ал алдыңғы 2022 жылы бір азамат 79 несие рәсімдеген.

Елдімізде кредит алудан рекордсмен атанған әйел бар. Аты-жөні аталмайтын ол 116 кредит арқалап үлгерген.

Ерлер де, әйелдер де көп жағдайда 1 банктен ғана кредит алуды жөн көреді. Қазақстанда қарыз алушы 8,9 млн адамның 64 пайызы тек бір банктің алдында қарыз.

Екі банкте кредиті барлар үлесі – 26%. 3 банкке берешек болып қалғандар үлесі – 8%.

Бұған дейін агенттік тілшісі Қазақстандағы несие алушы азаматтардың жай-күйіне шолу жасаған болатын.


Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив