A+ A A-

talgatzhan 6 3-09-2024, 10:21 0

15 қыркүйектен бастап карантиндік шектеулер енгізіле ме?

Республика

Әлеуметтік желілерде 15 қыркүйектен бастап карантиндік шектеулер енгізіліп, барлығына маска кию режимі енгізілетіні туралы таралған ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен мәлімдеді, деп хабарлайды  buqara.kz  сайтының тілшісі kazinform  сайтына сілтеме жасап.

«ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушының эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді көздейтін қаулысына сәйкес, ағымдағы жылғы 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу басталады. Маска кию режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін енгізіледі», — делінген ақпаратта. Онда коронавирус инфекциясының жағдайы бақылауда екені жазылған. «Шындыққа жанаспайтын ақпаратты тарататын адамдардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін материалдар құқық қорғау органдарына берілді. Азаматтарды ресми ақпарат көздеріндегі сенімді ақпаратқа сенуге шақырамыз», — деп толықтырған ведомство ақпаратын.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив