A+ A A-

5 1-10-2024, 09:20 0

Қазақстанда қосылған құн салығын цифрлық теңгемен төлеуге болады

Республика

Биыл 7 қазаннан бастап экспортпен айналысатын кәсіпкерлер қосылған құн салығын цифрлық теңгенің көмегімен төлей алады. Бұл жаңадан енгізілгелі отырған пилоттық жоба және ол 2025 жылдың соңына дейін жалғасады. Толығырақ Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті аудит департаментінің директоры Қадыр Исмагулов айтып берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі kazinform сайтына сілтеме жасап.

«Біздің комитет Ұлттық банкпен бірлесе келе цифрлық қосалқы құн салығы пилоттық жобасын енгізеді. Бұл жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асырылады. Мақсат – цифрлық теңгені пайдалана отырып қосылған құн салығын қайтару процесін жетілдіру, жеңілдету. Цифрлық теңге – ұлттық валютамызды қолданудың жаңа түрі, бізде қолма қол және қолма қолсыз валюта бар. Бұл жаңашылдықты салықтық әкімшілендіру саласында қолданғалы отырмыз. Осылайша қосылған құн салығын қайтару мерзімін тексерусіз 55-75 күннен 15 күнге дейін қысқартуды жоспарлап отырмыз», - деді Қадыр Исмагулов агенттік тілшісіне берген сұхбатында. 
Оның айтуынша, цифрлық теңгеге көшу экспортшылар мен инвесторлар үшін тиімді. 

«Ол үшін экспортшылар қаражатын Ұлттық банкке цифрлық теңгеге ауыстыруы тиіс және таңбаланады. Импорттық тауарлар бойынша қосылған құн салығының ішіне барлық шығын кіреді, ал тауарды экспортқа жібергенде оның ішіне қосылған құн салығы кірмейді, олар өз қаржысынан өтейді, сондықтан экспортшыларға ҚҚС қайтарылады. Жалпы пилоттық жоба инвесторлардың қызығушылығын арттырып, экспортшылардың жұмысын жетілдіруде ықпалы басым, яғни экспортшылар қосылған құн салығына төлеген тез қайтаратын болса, айналымдары артып, жұмысы өнеді», - дейді ол.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив