453.64 508.17 5.59
A+ A A-

«Оқуға түсіремін»: Өскемен тұрғыны алаяққа сеніп, 3 млн теңгесінен айырылды

«Оқуға түсіремін»: Өскемен тұрғыны алаяққа сеніп, 3 млн теңгесінен айырылды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Полиция мәліметінше, күдікті жәбірленушіге өзін жалған есіммен таныстырып, көмектесе алатынына сендірген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Медициналық университетке түсуге «қолұшын» созған адамның сөзіне иланған жігіт сұраған құжаттары мен 3 миллион теңге көлемінде ақша берген. 

– Бірақ уәде етілген көмек көрсетілмеді. Құжаттар университетке тапсырылмаған, оқуға қабылдау жүзеге аспаған. Ал күдікті алған ақшасын жәбірленушіге қайтарған жоқ, – делінген облыстық Полиция департаменті мәліметінде.

Жедел іздестіру жүргізген полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Аталған факті бойынша «Алаяқтық» бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Фото: tengrinews.kz

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив