A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 17:20 0

ШҚО-да отбасылық құндылықтарды дамытуға бағытталған ауқымды жоба басталды

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Қоғамның әлеуметтік және отбасылық ұстанымдарын нығайтуға және әйелдер көшбасшылығын дамытуға бағытталған кешенді гендерлік саясатты іске асыру» тақырыбындағы жоба қарашаның ортасына дейін жалғасады. Іс-шара облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның қолдауымен және облыстық Ішкі саясат басқармасы ұйымдастыруымен жүзеге асырылады.
– Жоба 11 қыркүйек пен 13 қараша аралығында өтеді. Бағдарлама аясында тренингтер мен семинарлар, мамандар консультациялары, табысты әйелдермен кездесулер, ашық диалогтар, әлеуметтік бастамалар байқауы және қорытынды форум ұйымдастырылады деп күтуілде, – деді психология ғылымдарының докторы Құралай Жұмкенқызы.
Оның айтуынша, іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы институтын қолдау, отбасылық қарым-қатынасты нығайту, әйелдердің қоғамдық-саяси және экономикалық өмірдегі рөлін арттыру. Гендерлік теңдік қағидаттарын ілгерілету де басшылыққа алынбақ.
– Жоба аясында отбасылық қарым-қатынас, әйелдердің көшбасшылық қабілетін дамыту және қоғамдағы белсенділігін арттыруға бағытталған түрлі іс-шара өткізіледі. Тренингтер мен семинарлардан бөлек, тәжірибелі мамандар кеңестері, табысты әйелдермен кездесулер және ашық диалогтар ұйымдастырылады, – деді психолог.
Көшпелі семинарлар мен отбасылық клубпен кездесулер Ұлан, Глубокое, Катонқарағай, Алтай аудандарын өтеді. 

Ұлжан СЕЙІТХАНОВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив