Бұл туралы бас прокурор Берік Асылов Республика күнін мерекелеу құрметіне арналған салтанатты жиында айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, Ulysmedia.kz. сілтеме жасап.
Бас Прокурор сөзінде мемлекеттік егемендік туралы декларацияның тарихи маңыздылығын атап өтіп, құқықтық мемлекет тұжырымдамасын іске асырудың маңыздылығын айтқан.
- Бизнеске жәрдемдесу арқылы прокурорлар еліміздің ЖІӨ-нің өсуіне және Қазақстан экономикасының нығаюына өздерінің қадағалау үлесін қосатыны маңызды. Жыл басынан бері прокурорлар экономикаға салымы 9,1 трлн теңгені құрайтын 411 инвесторға (Түркия, БАӘ, Қытай, Германия және т.б.) көмек көрсетті. Сондай-ақ мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін прокуратураның үйлестіруімен елге 1,7 трлн теңгеден астам қаражат қайтарылды, 22 млрд теңгеге 498 мың га олигополия жері тәркіленді, - деді Берік Асылов.
Бас Прокурор мұндай нәтижелерге прокуратура органдарының әрбір қызметкерінің жоғары моральдық қасиеттері және олардың «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын қызметтік борышын орындау кезінде нақты ұстануы ықпал ететінін жеткізді.
Пікірлер