A+ A A-

talgatzhan 31 24-10-2024, 17:30 0

Қазақстан мен Макао азаматтары енді елге визасыз кіре алады

Республика

24 қазанда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Макао арнайы әкімшілік ауданының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім өз күшіне енді. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды  Buqara.kz сайтының тілшісі kazinform сайтына сілтеме жасап.

«Келісім қолданыстағы ұлттық паспорттары бар екі тараптың азаматтарына 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде визасыз бір-бірінің аумағына кедергісіз кіруге, шығуға, транзитпен жүруге және болуға мүмкіндік береді», — делінген хабарламада. 

Алайда, визасыз режим еңбек қызметіне, оқуға және тұрақты тұруға қолданылмайтынын есте ұстаған жөн.

Егер Макао аумағында 14 күннен артық жүруді жоспарласаңыз, тиісті кіру визасын алдын ала рәсімдеу қажет.

Бұл келісім туристік, іскерлік және мәдени байланыстарды дамыту үшін жаңа көкжиектер ашады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қытай Еуроодақтың төрт еліне визасыз режим енгізгенін хабарлаған болатынбыз. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив