A+ A A-

talgatzhan 20 24-02-2025, 15:50 0

АҚПАННЫҢ АҚ ТҮТЕГІ

Руханият / Бүгін

Ақ түтек соқты есіңді шығаратын,

Қиянқылығын қойшы мен ұғар ақын.

Сұр торғайға қорғанатын пана болар,

Қалқа болса жетеді бұға алатын.

Ұлиды ала құйын - ала қаншық,

Көргің келсе ұзаңқырап далаға шық.

Пендеге үйде отырған білінбейді,

Үңілсең де терезеңнен қарағансып.

Ақпан шалың алты күн ақырмай ма,

Аяз қысса буыршын да бақырмай ма?

Наурыз қыздың құшағына кіріп кетсе,

Қорғасындай ерімейтін батыр қайда?!

Қаңтарға жүрек жарды сыр аштың ба,

Жайын біліп жағдайын сұрастың ба?

Құлпырып гүл шешегін жарайын деп,

Келе жатыр көктем ару қыр астында.

Өмір тағдыр уақытпен қауышатын,

Мезгілінде бал шырынын тауысатын.

Табиғаттың сыр мінез заңы солай,

Кезегінде бір-бірімен ауысатын.

Кәрібек ШОПАТОВ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив