A+ A A-

talgatzhan 40 Бүгін, 09:40 0

ШҚО Орыс театрына 90 жыл толды

Бүгін / ШҚО

ШҚО Драма және оперетта театры жанындағы Орыс театры 90 жылдығын атап өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Өнер ұжымының мерейтойына арналған шаралар легі премьерамен басталды. Патша көңіл көрерменге Карло Гольдонидің «Кьоджинские перепалки» пьесасы бойынша қойылған лирикалық комедия ұсынылды. Спектакльді театр труппасымен бірге Мәскеуден арнайы шақырылған режиссер Ильдар Хуснуллин мен суретші Анна Бовина сахналады. 
Ал марапаттау рәсіміне аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов қатысты.
– Еліміздегі ең көне шығармашылық ұжымдардың бірі, Шығыс Қазақстанның мақтанышына айналған Орыс театрының 90 жылдық мерейтойы құтты болсын! Театр тарихы 1936 жылы Николай Гогольдің «Үйлену» пьесасының қойылымымен бастау алды. Содан бері театр өңірдің мәдени өмірінің ажырамас бөлігіне, руханият пен өнердің, шығармашылықтың ордасына айналды. Осы жылдар ішінде үлкен шығармашылық жолдан өтіп, көрерменге жүздеген қойылым, ұмытылмас образдар сыйлады. Әртістердің, режиссерлердің, суретшілер мен сахна сыртындағы қызметкерлердің бірнеше буынының адал еңбегінің арқасында театр Қазақстанда ғана емес, алыс-жақын шетелдерде де кеңінен танылды, - деді облыс әкімі.
Одан соң Нұрымбет Сақтағанов өмірін өнерге арнаған театр ардагерлері мен өңір мәдениетінің дамуына үлес қосып жүрген ұжым мүшелерін марапаттады. Сондай-ақ театр ұжымына автобус сыйға тартылды.

Ақпарат және фотосурет: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив