Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған сотында ер адамға қатысты ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігі (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша іс қаралды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қарағанды облысы аудандық сотының 2019 жылғы 16 шілдедегі сот қаулысымен ер адамнан 2023 жылы туған баласы кәмелетке толғанға дейін бұрынғы әйелінің пайдасына ай сайынғы жалақының барлық түрлерінің 1/4 бөлігі мөлшерінде алимент өндірілген еді.
Анықталғандай, сот бұйрығы орындалмаған, ал алимент бойынша қарыз көлемі 3 116 729 теңгені құрады.
Сот отырысында ер адам өз кінәсін мойындады.
Қаулының ұзақ уақыт орындалмағанын ескеріп, оны 2 тәулікке қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды.
Пікірлер