Облыс тұрғындары көлік министрі Марат Қарабаевпен кездесу барысында Риддер қаласы, Шемонаиха және Алтай аудандарына апарар жолдарды жөндеу өте баяу жүріп жатқандығына шағымданды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Көлік министрінің айтуынша, облыстағы барлық ірі жобаның асықпай іске асып жатқанына жұмыс көлеміне салғырт қарайтын мердігер ұйым жауап береді.
- Жұмыстың баяу жүріп жатқаны рас. Өңірдегі ірі жобаларды жүзеге асыру тек бір мердігер компанияның мойнында. Менің ойымша, ауқымды жұмыстарға бір ұйымның қауқары жетпейді. Мердігер жоспарды толық орындап бітсе жақсы ғой, әрине. Ал жоқ болса, қауқары жетпейтін жұмыс көлемін алудың қажеті жоқ еді, - деді Марат Кәрімжанұлы.
Министр жауапты мердігер компаниямен кездесу өтетінін, сонда осы мәселе міндетті түрде талқыға түсетіндігін айтты.
Пікірлер