A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 11:10 0

Өскеменде жылы аялдамада масаң күйде жатқан тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылды

Бүгін / Өскемен

Tazaoskemen парақшасында кеше үйсіз-күйсіз жүрген адамдар аялдамаға тазалық жүргізілсе де, келе беретіндігі айтылған болатын, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мекеме өкілдері Назарбаев даңғылындағы жылы аялдамада күн сайын санитарлық тазалық жүргізілсе де, мәселе шешімін таппай жүргендігін айтқан. Тәртіп сақшылары шара қолдана ма деген үмітпен болған жайтты телефонға түсіріп, өздерінің парақшаларына жариялады.
Біраздан соң болған жайтқа қатысты облыстық Полиция департаменті өкілдері ресми жауап берді. 
– Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабы 1-бөлігіне (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды, – делінген мәліметте.

Фото: Скриншот

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив