A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 10:50 0

21 – 27 қыркүйек аралығына арналған жұлдыз-жорамал

Бүгін / Жұлдыз жорамал

Тоқты
Неге екені белгісіз, Тоқтылар осы аптада айналасындағыларды сынға алып, тырнақ астынан кір іздегілері келіп тұрады. Одан да жақсылық жасауға ұмтылыңыз. Жаныңыз жабырқай бастаса, сыртта серуендеп қайтқан жөн. 

Торпақ
Осы уақытқа дейін жалғыз жүрсеңіз, онда жақын арада екінші жартыңызды жолықтыруға әзір болыңыз. Бәлкім ауылда, бәлкім қоғамдық жерде кездесесіз. Жұмысыңызда сақ болып, болмашы қателіктерге бой алдырып жүрмеңіз.  

Егіздер
Есіңізде болсын, бақыт – тыныштықты қалайды. Сондықтан жеткен жетістіктеріңізді көпке жария етемін деудің еш қажеті жоқ. Сырт көзге мұндай жайттар мүлде ұнамайды. Көздері тиіп кетулері де мүмкін.  

Шаян
Не істесеңіз де қадамыңыз нық болып, таңдау жасағанда сенімді болыңыз. Күз келе сырт келбетіңізге назар аударғаныңыз жөн. Ата-аналар тарапы бауыр еті баласының айтқанына құлақ түріп жатады. 

Арыстан
Айыңыз оңынан туып, бірқатар белестерді бағындырудың сәті түседі. Бір шаруаны қолға алсаңыз, болмаса үйде жөндеу жұмыстарын жүргізгіңіз келсе шығармашылық шабыт сізді берекелі бастамаға жетелейді.  

Бикеш
Ойламаған жерден пайдаға кенелуіңіз мүмкін. Қосымша табыс табуға ұсыныс айтса, бас тартпағаныңыз абзал. Екінші жартыңызды дауыс көтермеңіз.  Оның сезімге беріктігін тексеремін деп жүрегіне жара салып алмаңыз.

Таразы
Жұмыстағы қиын мәселелер жүйкеңізге әсер етуі мүмкін. Көмек сұраудан еш қысылмаңыз, себебі жақындарыңыздың кеңесі сізге ауадай қажет. Уақытылы ұйықтап, дер кезінде демала біліңіз. Өйтпегенде ескі жарақаттарыңыз сыр беруі мүмкін. 

Сарышаян
Соңғы уақытта сүйіктіңізге аз уақыт бөліп жүргеніңізді естен шығармаңыз. Ұнатқан адамыңызбен бірге дүкен аралап қайтсаңыз болады. Сырт келбетіңізге мән берсеңіз, өзге шаруаларды да өз деңгейінде атқарасыз.  

Мерген
Күтпеген жерден бір жаңалық естіп, соған көңіл-күйіңіз айтарлықтай түсіп қалуы мүмкін. Қапаланбаңыз, бәріне «уақыт емші» деген. Көп уақытыңызды достарыңыздың арасында өткізіңіз. 

Тауешкі
Қазір өз ортаңызда табан аудармай тер төгіп, белсене түссеңіз әріптестеріңіздің арасында беделіңіз артады. Тіпті жұмыстан кейін қалып, алдын ала жоспар құратын болсаңыз, ол сіздің биік белестерді бағындыру жолындағы сәтті қадамдарыңыз. 

Суқұйғыш
Қауырт тірліктеріңізді аптаның соңына дейін тәмәмдап алғаныңыз дұрыс. Мұны кейінге қалдырсаңыз шаруаңыз шашетектен көбейеді. Сенбі, жексенбі күндері мейілінше жақсылап демалыңыз. Мәселен кешке қарай серуендеп келсеңіз құба-құп. 

Балықтар
Әріптестеріңізбен бірнәрсеге келіспей жатсаңыз бір қадам да шегінбеңіз. Табандылық танытсаңыз кейін өзіңізге қандай да бір басымдық бермек. Туған-туыстарыңызды ренжітіп алып жүрмеңіз. Сізге айтуға қысылатын шығар, бірақ көмектесуге әзір болыңыз. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив