Биылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша облыс халқының саны 716 мың адамды көрсетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның 485,9 мыңы – қала тұрғындары, ал 230,1 мың адам ауылдарда тұрады.
Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, осы жылғы қаңтар-шілде айларында өңірде халықтың табиғи кемуі 752 адам болса, аталған кезеңде 3951 сәби дүниеге келген. Бұл 2025 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 8,6% аз.
Ал қайтыс болғандар саны – 4703 адам.
Пікірлер