Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан қызметкерлері мен 5518 әскери бөлімінің әскери қызметшілері ертемен Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі бойынша референдумға дауыс беруге қатысты. Әскери қызметшілер өзінің азаматтық міндеттерін орындауға дайын екенін көрсетіп, таң атпастан бір колонна болып қала көшлерінмен жүріп өтті.
"Шығыс" Өңірлік қолбасшылығы 5518 бөлімі қызметінің жұмысы қала көшелерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету болып табылады. Көптеген жас сарбаздар алғаш рет саяси науқанға қатысты, бұл олар үшін маңызды кезеңдердің бірі болмақ.
"Шығыс" Өңірлік қолбасшылығы бойынша барлығы алты сайлау учаскесі жұмыс істейді, онда мерзімді қызметтің әскери қызметшілері ғана емес, офицерлер мен сержанттар да дауыс береді", – деді "Шығыс” Өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің басшысы Бағдат Амангелді.
Пікірлер