A+ A A-

talgatzhan 31 6-10-2024, 12:37 0

ШҚО-да соғыс ардагері референдумға қатысты

ШҚО

Республикалық референдумға Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Құрмат Рахимов келіп, дауыс берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

100 жастағы облыс тұрғыны сайлауды ұйымдастырғаны үшін сайлау комиссиясының мүшелері мен байқаушыларға алғысын білдірді.
 – Республикалық референдумға қатысуды азаматтық борышым деп санаймын. Әрқайсымыз еліміздің тарихын жазамыз. Бүгінде көп нәрсе бізге емес, жастарға байланысты. Өйткені, болашақ пен жаңа Қазақстанның тағдыры солардың қолында. Менің ойымша, әрбір жас шығысқазақстандық дауыс беруге қатысып, өзінің азаматтық позициясын көрсетуі керек, — деді Құрмат Рахимұлы.
Ардагер ел болашағы үшін азаматтық ұстанымын білдіре отырып, бірлесіп шешім қабылдаудың қаншалықты маңызды екенін де атап өтті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив