A+ A A-

talgatzhan 30 7-10-2024, 17:12 0

ШҚО-да жарық неге жиі сөнеді?

ШҚО

Облыстағы энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшылығы жарықтың жиі өшуінің басты себептерін түсіндірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Олардың айтуларынша, трансформаторлық қосалқы станцияларда ажыратқыштар жоқ. Соған байланысты бүтін бір шағын ауданның жарқырап тұрған жарығы жоқ болады. - Ажыратқыштарды қолды қылатындар көп. Желінің біреуі болмаса, түгел аудан жарықсыз қалады. Мәселен, бағбандық қоғамдастықта сымдар тұтанған. Ал трансфоматорда жарық өшіретін тетік жоқ, салдарынан бүкіл желіде жарық болмайды. Желіге зақым келуі де жағдайды қиындатып тұр. Зақымдалса, тоқ жалғастырғыш орнатылады. Олардың саны шектеулі. Тоқ жалғастырғыш көп болған сайын желіде де ақау көп болады, - деді ТҮКШ басқармасының басшысы Нұрлан Рамазанов. Өңірдегі жарық мәселесін шешу үшін арнайы жоба әзірленді. Биыл кабельдік желілер тартылған 23 нысан мен 3 қосалқы тарату станциясын жөндеуге 466 миллион теңге бөлінген. - Келесі жылы 86 ажыратқыш пен 50-ге жуық кабель желілерін ауыстыруға бюджеттен 550 миллион теңге жұмсалмақ, - деді басқарма басшылығындағылар

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив