A+ A A-

talgatzhan 29 8-10-2024, 14:39 0

ШҚО-да ата-аналардың көбі баласына «В» гепатитіне вакцина салдырудан бас тартып жатады

ШҚО

Шығыс Қазақстан облысында 91 ата-ана баласына екпе салдырмай қойған. Оның ішінде көбісі «В» гепатитіне вакцина салдырудан бас тартқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 


ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері ата-аналардың балаларға профилактикалық екпеден бас тартуының 91 фактісі тіркелген.


«Оның 63 пайызы перзентханада «В» вирусты гепатитіне қарсы екпеден бас тартуға қатысты болып отыр. Екпеден бас тартудың жиі кездесетін себебі - жеке сенімдерге байланысты. Бұл жалпы бас тартқандардың 80 пайызын құрайды», - делінген ақпаратта. 


Қазіргі уақытта өңір бойынша вакцинация мәселелері бойынша 45 сенім телефоны жұмыс істеп тұр.


«Халыққа жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, биыл 2366 жас анаға екпе салдырудың пайдасы түсіндірілді. Сондай-ақ пәрзентханалар мен емханаларда осы тақырыпқа қатысты 449 дәріс оқылды», - делінген хабарламада. 


Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив