A+ A A-

talgatzhan 36 Бүгін, 10:10 0

Өскеменге қазақ күресінен жаттықтырушы қажет

Бүгін / Өскемен / Спорт

Мәлімет берген мекеме ақпаратынша, қалада ұлттық спортты дамытуға үлес қосатын қазақ күресінің бапкері қажет, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Rabota_jumis_uka ақпаратынша, оның міндетіне жаттығу сабақтарын өткізіп, спортшыларды жарыстарға дайындау кіреді. Одан бөлек, жасөспірімдер мен ересек топпен жұмыс істеп, техникалық және физикалық дайындықты дамытуы тиіс.

– Маманның қазақ күресінен тәжірибесі, спорттық дәрежесі (разряд, Спорт шеберлігіне үміткер, Спорт шебері) болуы қажет. Жұмыс кезінде жауапкершілік сезініп, тәртіп сақтап, шәкірттермен дұрыс қарым-қатынас жасауы басшылыққа алынады, – делінген ақпаратта.

Аталған мекеме жаттықтырушы болуға ниеттілерге тұрақты жұмыс, ыңғайлы жаттығу залы, тәуір жалақы ұсынады. Бәрі жақсы болса, дамуға да мүмкіндік бар дейді.

Байланыс телефоны: +7-708-900-74-56

Жан Нұржанұлы
Фото: olympic-astana.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив