Мемлекеттік кірістер департаментіне қарасты мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлері қаладағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде бас қосты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аталған бәсеке республикалық спартакиаданың іріктеу кезеңі болып саналады. Республиканың бірқатар аймағынан келіп қатысып жатыр. Шығысқазақстандық мемлекеттік қызметшілерден бөлек, Абай, Қарағанды, Ұлытау, Павлодар облыстарынан келіп бақ сынауда. Олар спорттың бірнеше түрінен өз мүмкіндіктерін байқайды. Атап айтсақ, волейбол, үстел теннисі, шағын футбол, шахмат және киберспорт.
– Осы іріктеу кезеңінде шағын футболдан бақ сынаймыз. Дайындығымыз жақсы, алаңда жоғары деңгейлі ойын көрсетуге тырысамыз. Мықтылар арасында жүлде алуды көздеп отырмыз, – деді ұлытаулық қатысушылардың бірі.
Бір айта кетерлігі, волейбол мен шахмат осы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өтсе, шағын футбол Восток стадионында жалғасады.
Аталған бәсеке бүгін аяқталып, спартакиаданың салтанатты жабылу рәсімі бүгін кешкі сағат 17.00-де Шәкәрім көшесі 1/2 мекенжайында өтеді.
Бекарыс Оралбеков
Пікірлер